13:22

Металлургтер мәдениет үйі: өткен күннен бүгінгіге
Металлургтер мәдениет үйі: өткен күннен бүгінгіге
Металлургия саласы қарқынды дамыған қалада, Металлургтер мәдениет сарайы сияқты архитектуралық ескерткіштің болуы, әрине өте заңды. ММС тарихи ескерткіш ретінде қарастыра отырып, оның өткеніне үңілмеу мүмкін емес.
Орналасқан жері – Тәуелсіздік даңғылы, 68. Металлургтер мәдениет сарайының қабырғасы В.И.Ленин атындағы қорғасын-цинк комбинатының, қазіргі «Қазцинк» АҚ тапсырысы бойынша 1957 жылы қаланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Алтайқорғасынстрой» трест мекемесі. Жобалау жұмыстарын архитектор Л.И. Маковеевтың басшылығымен «Ленгипрокоммунқұрылыс» мекемесі жүргізген. Көркемдік өңдеу жобалау жұмыстарына суретші, Қазақ ССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Н.В. Цикчинскийдің басшылығымен Қазақ ССР көркемдік қорының қызметкерлері жұмылдырылды. Аспашамдар (люстралар) мен жарықшамдар, түс кілемдер (гобелендер), «Жастық мерекесі» атты әшейкейленіп салынған суреттер, үй шатырының үшкіл бұрышты маңдайында орналасқан мүсіндер тобы да барлығы, жоғары көркемдік талғаммен алматылық мүсінші Х.Наурызбаевпен орындалған.
Ғимарат қазіргі заман құрылыс техникаларының жетістіктерін ескере отырып, классикалық сәулет өнері дәстүріне қайта оралу кезеңінде бой көтерген. Онда сол кездегі қоғамдық мақсатта қолданылатын ғимараттарды жобалауға тән, басты фасадтың
архитектуралық шешіміне назар сала отырып, симметриялық ықшам көріну тенденциясы байқалады. Сарайдың сәулеттік тақырыбы–діңмаңдайша, ғимаратқа кіреберісінен бастау алады. Кіргеннен кейін бір жақ бетте қатаң формалы кең баспалдақ орналасқан. Ғимараттың ең басты көзге түсетіні төбеге тіреліп тұрған колонналар. Колоннаның үстінгі бөлігіндегі капителилері күрделі коринф ордері стилінде, ал негізгі базасы қарапайым коринфстилінде орындалған. Тақырыптық мүсінмен безендірілген фронтонда, декоративтік бұйымдардан тек пилястралар бар. Ғимараттың екінші және үшінші қабаттарының көп бөлігі шыныдан жасалып, мәнерлеп жабыстырылған балясиналы балюстрадасы бар үлкен лоджияны құрайды. Сарайдың Гоголь көшесі және Гагарин бульвары жағындағы маңдайша қабырғаларында, бозбала мен қыздың отырған мүсіндері орналасқан. Фронтондағы «Балық» мүсінін Рапопорт Валерий Соломонович орындаған.
Метталлургтер мәдениет сарайы советтік классицизм стилінде салынған, архитектура ескерткіші болып табылады. Қазіргі таңға дейін мәдени-танымдық мекеме қызметін атқарып келеді. Қала тұрғындарының ірі демалыс орталықтарына айналған аталмыш ғимарат, қаламыздың үлкен эстетикалық және көркемдік маңызға ие нысандарының бірі болып табылады.
Әдибиет негізінде:
1. Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі. - Усть – Каменогорск ,2005г
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 1
avatar
1 аружан • 23:31, 22.11.2013 [Материал]
норм
avatar