09:56

Жаңа аудандар: жылдар бойы қордаланған мәселелер шешімін табады

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі жаңа аудан құрылды. 27 жылдан кейін қайтадан дербес аудан мәртебесіне ие болған Марқакөл мен Үлкен Нарынның халқы бұл жаңалықты зор қуанышпен қарсы алды. (Жаңалықты ана тіліңде оқы — oskemenkz.kz) Белгілі болғандай, жеке аудан ретінде құрылған Үлкен Нарынның аумағы 378 мың гектарды құрап, құрамына алты ауылдық округ кірді. Ал жеті ауылдық округті біріктіретін Катонқарағай ауданының жер көлемі 940 мың гектарға жетеді. Сол сияқты, жаңадан құрылған Марқакөл ауданының аумағы 1 миллион 100 мың гектарға жетіп, құрамына бес ауылдық округ енді. Ал 1 миллион 217 мың гектар жерді алып жатқан Күршім ауданында жеті ауылдық округ бар. Аудандарды бөлу кезінде тарихи шекаралары, тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету, кәсіпорындардың шоғырлануы мен табиғи ресурстарды игеруі, ауданның экономикалық әлеуетін ұтымды пайдалану сияқты факторлар ескеріліпті. Жаңа аудандардың құрылуы көптеген мәселені біржақты етуге, атап айтқанда, өңірлердің дербестігін арттыруға, жергілікті проблемаларды шешуге және өз кірістерін игеруге мүмкіндік береді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті жағдай жасалады. Ал бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жол ашады. Бұдан басқа, елді мекендерден аудан орталықтарына дейінгі қашықтық қысқартылатын болады. Бұл да аса маңызды фактордың бірі екені даусыз. Оның үстіне, жаңа аудандардың құрылуы жылдар бойы қараусыз қалған шекара шебіндегі өңірлердің бойына қайта қан жүгіртері анық.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar