Құтқарушылар медициналық мекемеде өртті сөндіру дағдыларын пысықтады

Өрт-тактикалық жаттығулар туралы аңыз бойынша, үшінші қабаттағы стационар ғимаратында оттегінің шығуы нәтижесінде газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан жиһаз, төсек-орын жанды. Медициналық персонал болған оқиға туралы ақпаратты дереу құтқару қызметіне береді және науқастарды эвакуациялауды бастайды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД күштері мен құралдары келеді. Кезекші электрик электр энергиясын өшіреді. Тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын пайдалана отырып, өрт сөндірушілердің топтары барлауға кірісті. Ғимаратта қалғандарды байқап, құтқару қалпақтарының көмегімен сыртқа шығарды.
Үшінші қабатта түтін аймағында палаталарда науқастар және объект персоналының бір бөлігі қалды. Құтқарушылар оларға көмекке келіп, орналастырылған автосаты арқылы эвакуациялады. Сонымен қатар, қалған өрт сөндірушілер отпен күресіп жатты.
Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерімен өрт жойылды.
Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кезде аурухана медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейі тексеріліп, іс-әрекеттері пысықталды, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және адамдарды құтқару кезінде объект әкімшілігі мен өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мәселелері пысықталды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar