Читайте также
17:55
Өскеменде Егорина Анна Васильевна өмірден өтті
Оставить комментарий
Экология және география кафедрасының профессоры, география ғылымдарының докторы Егорина Анна Васильевна 1946 жылы 4 наурызда Үлкен Нарын ауданында дүниеге келген. ЖОО-дағы еңбек жолын 20 жыл бұрын бастады. Осы жылдар ішінде Анна Васильевна өзін кәсіби маман ретінде көрсетіп,жас ұрпақтың білім алуына баға жетпес үлес қосты. Анна Васильевнаның басты кәсіби жетістіктерінің бірі-бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Біздің өлкеміз — Шығыс Қазақстан» және «кіші Отанымыз — Шығыс Қазақстан» атластары. Сондай-ақ, профессор мен оның командасы Шығыс Қазақстанның климаты бойынша «Оңтүстік-батыс Алтайдың климаты» және «Оңтүстік-батыс алтайдың тұмандары» атты монографиялар сериясын дайындады. Егорина Анна Васильевнаның кәсіби қызметі көптеген марапаттарға ие болды. Анна Васильевна біз үшін мәңгі жарқын, мейірімді және ерекше дарынды адам болып қала береді. Университет ұжымы отбасына қайғыра көңіл айтады.