16:00

Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті 2023 жылғы 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР Жер кодексінің 144-148-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың қабылданған шешімдерінің заңдылығына, мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізуге, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскелерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына, жер учаскелерін өз бетінше иеленуіне жол бермеуге, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтауға, жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жерлерді уақтылы қайтаруына, бұзылған жерлерді рекультивациялауға, жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану жердің бұзылуына байланысты жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау профилактикалық немесе тексеру нысанында және де жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының талабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокуратура органдарының тапсырмалары және мемлекеттік органдардың хаттары негізінде жүргізіледі.

Жыл басынан бері Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 306 өтініш келіп түсті, оның 227 қаралды, 47 құзыреті бойынша қарауға басқа органға жіберілді, 32 қаралуда.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 173 жоспардан тыс тексеру тағайындалды, оның 151 аяқталып, 155 бұзушылық анықталды (мемлекет меншігіндегі жерлерді өз еркімен пайдалану фактілері - 24, жер учаскелерін ұзақ уақыт пайдаланбау - 83, а/ш мақсатын ұзақ уақыт пайдаланбау – 23, заңдылық – 4, өз бетінше басып алу бөлігінде берілген нұсқамаларды орындамау – 2, мақсатына сай емес пайдалану – 8, кадастрды жүргізу – 2, бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізбеу-9). Жер заңдылығын бұзушылықтарын жою туралы 55 нұсқама берілді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі- ҚР ӘҚБтК) 338-бабы бойынша 21 әкімшілік ескерту, ӘҚБтК 339-бабы бойынша 7 ескерту және жалпы сомасы 3 243,0 мың теңгеге 13 айыппұл түрінде әкімшілік жазалар қолданылды.

Жергілікті атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығы бойынша 4 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болмауы бөлігінде жер учаскелерін беру кезінде жер заңнамасын бұзу, нысаналы мақсатын шаруа қожалығын жүргізуден коммерциялық мақсаттарға өзгерту (Катонқарағай ауданы), қордағы жерлерді орман қорының жерлеріне ауыстыру (Глубокое ауданы), жер учаскесін таңдау актісі келісілмеген фактілері (Шемонаиха ауданы) анықталды. Департамент тарапынан заңсыз қабылданған қаулылар мен жалдау шарттарының күшін жою бойынша сотқа талап-арыз беріліп, соттың шешімдерімен 3 талап арыз қанағаттандырылып, 1 бойынша қанағаттандырудан бас тартылды. Жергілікті атқарушы органдары заң нормаларының бұзылуының болдырмау мақсатында, жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштерді қарау және шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын қатаң сақтауы міндетті.

Департаментпен бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізбеу мәселесі бойынша 3 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 340-бабы бойынша 9 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде ескерту түрінде екі жер қойнауын пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бір ай мерзімге рекультивация жүргізу бөлігінде жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жеке ұсыныстар берілді. Бір жер қойнауын пайдаланушы бойынша әкімшілік іс қарау үшін мемлекеттік органға келу қажеттігі туралы хабарлама тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бұзылған жерлерді рекультивациялау арқылы жүргізіледі. Барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін берілген жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттеме өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттеменің көлеміне енгізіледі. Осыған байланысты келісім-шарт негізінде берілген аумақтарында рекультивацияны уақытылы жүргізуі қажет.

Мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізудің дұрыстығы мәселесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 153, 158-баптарында көзделген жер кадастрын жүргізу және мәліметтерді беру саласындағы жер заңнамасын бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды жою туралы 2 нұсқамалар берілді. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, Мемлекеттік корпорация және лауазымды адамдар жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз етуге мiндеттi болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен материалдар негізінде жалпы ауданы 17,5 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша 61 жоспардан тыс тексеру тағайындалды, оның ішінде 16 тексеру барысында 1,9 мың га алаңында жерді пайдаланбау фактілері анықталды және 1 жыл мерзімге 16 ұйғарым берілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабы бойынша 21 ескерту және 69,0 мың теңге сомасына 1 айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15,6 мың га алаңға қатысты 45 тексеру бойынша бұзушылықтар тексеру барысында жойылды. Сол себепті ауыл шаруашылығы мақсатына берілген егістік жерлерде – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуі, шабындықтарда – жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілуі, жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болуы және көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілуі қажет.

Сонымен қатар, жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалануға қызығушылықтарын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 509-бабы 4,5-тармағының талаптарына сәйкес пайдаланылмай отырған 10 учаскелері бойынша тапсырылған 7 нұсқамалар бойынша 10 (объектілерді салуға арналған жерлер) және 20 (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер) еселенген салық салу үшін мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.

Мемлекеттік меншік жерлерін өз бетінше иемдену мәселесі бойынша 34 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның барысында 24 жер заңнамасының бұзушылығы анықталды. Қорытындысы бойынша құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабы бойынша 11 ескерту түріндегі және 3 243,0 мың теңге көлемінде 13 айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер заңнамасын сақтауды және мемлекеттік жер учаскелерін өз бетімен басып алуды болдырмау мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалар жер учаскесін тиісті құқықтарды тіркегеннен кейін, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды алған соң және жер учаскесінің шекарасын белгілегеннен кейін ғана пайдалануы міндетті.

Құрылыс мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша жер учаскелерін ұзақ уақыт пайдаланбау мәселесі бойынша 36 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олар бойынша жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбау бөлігінде 83 жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды және 1 жыл мерзімде бұзушылықтарды жою туралы 36 нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң (бұдан әрі - ҚРЖК) 94-бабында көзделген тәртіппен Департамент жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді. Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаны жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тиісті тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады. Осы жер пайдаланушыларға 3 жыл ішінде жер учаскелері берілмейді. Департамент ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 5 субъект бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміне енгізу үшін жолдады.

Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай емес пайдалану мәселесі бойынша 34 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олар бойынша жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдалану бөлігінде 8 бұзушылық анықталды және 3 ай мерзімге бұзушылықтарды жою туралы 7 нұсқамалар берілді және ескертулер түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚРЖК 65-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.

Департаментпен жоспардан тыс тексерулерден басқа, «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ деректері негізінде Ғарыш Сапары веб-порталының «JerInSpectr» платформасында ҚР Жер кодексінің 145-1-бабының талаптарына сәйкес профилактикалық бақылау жүргізіп, облыс аумағында белгіленген пайдаланылмайтын жалпы ауданы 508,8 мың га жайылымдар мен егістік жерлер бойынша 2 755 жер пайдаланушыға 1 жыл орындау мерзімімен жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар жолданды. Бақылаудың бұл түрі профилактикалық болып табылады - әкімшілік санкциялар қолданылмайды, сонымен бірге, анықтаған бұзушылықтарды жер пайдаланушылардың өздері жоюға, сондай-ақ тексеру субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Бүгінгі таңда 508,8 мың гектардан:

  • 79 жер пайдаланушы 17,3 мың га пайдалану бойынша шаралар қабылдады;
  • 7,4 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды;
  • 35,0 мың гектарға қатысты нұсқауларды пошта арқылы жіберу барысында Департамент 291 жер пайдаланушының қайтыс болған немесе жойылған мәртебесі бар екенін анықтады;
  • 49 нұсқау бойынша 7,6 мың га алаңда жер учаскелерінің басқа меншік иелері анықталды;
  • 441,5 мың га жер учаскелеріне қатысты ( 3 313 жер пайдаланушы) 2 314 нұсқау бақылауда.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент 2022 жылы берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты ауданы 0,028 мың га жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы 2 талап-арыз соттарға берді, 1 талап-арыз бойынша сот меншік иесінің учаскені пайдалану жөнінде шаралар қабылдауына байланысты қараудан бас тартты және 1 талап-арыз сотта қаралуда.

Сондай-ақ әкімдердің 34 өкімдерін, қаулыларын (Егінсу а/о, Тархан а/о, Аққала а/о, Зайсан, Шемонайха, Күршім, Катонқарағай аудандары мен Өскемен қаласы) жарамсыз деп тану туралы 23 талап-арыз соттарға жолданып, 6 талап қанағаттандырылды, 2 бойынша бас тартылды, 1 талап-арыз бойынша бұзушылықтарды жоюна байланысты кері қайтарылды және 14 соттардың қарауында.

Бұдан әрі департамент жер учаскелерін пайдалану және беру кезінде жер заңнамасының сақталуын бақылау бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында берілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда «Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-ге Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 152, телефон: 22-63-72 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar