10:09

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесіне арналған VII балалар спорты ойындары аяқталды...

Өскемен қаласында 2009 жылы 2-4 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесі үшін 7-і балалар спорты ойындары өтті. 

 

Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау барысында, жалпы білім беру мектептерінде бұқаралық спортты дамыту, оқушылардың әрдайым спортпен шұғылдануына, жасөспірімдер және балалар арасында нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында өткізіледі.
 
Аталған жарыста Шығыс Қазақстан облысының 5 қаладан және 14 ауданнан 1995-1996 ж.т. жас спортшылар қатысты. Әр команда құрамы 37 адам. Барлығы қатысқандар саны 700 ұлдар мен қыздар. Ойындар спорттың 7 түрі бойынша өтті: Жазғы Президенттік көпсайыс (қыздар – 60м жүгіру, 1000 м, доп лақтыру; ұлдар – 60м жүгіру 2000м, доп лақтыру), шағын футбол, волейбол, қазақ қүресі, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту.
 

         Салтанатты ашылу спорт Сарайында өтті. Жарыстың қатысушылары мен қонақтарын облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы құттықтады. Үшкүндік сайыс жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады. Олардың бәрі естелік медальдарымен, диплом және кубоктармен марапатталды.

Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar