21:56

ШҚО-да ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын қолдану аясы кеңейді

Бүгінде ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарының қолданыс аясы уақыт өткен сайын кеңейіп келеді. Қазір мұндай техника ауыл және орман шаруашылықтарында, төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында таптырмас құралға айналып барады. Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша Қазақстан аумағындағы орман қорының жартысынан астамы шоғырланған. Орманды алқапты өрттен қорғауға және бақылауға заманауи технологияларды қолдану тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің балансында ошақты тікелей тексеру және өрт ауқымын анықтау үшін пайдаланылатын тоғыз ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараттары табиғи өртке бейім аудандарға таратылды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясымен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасасты.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar