22:00

Ауру - үкім емес. Жаңа технологиялар науқастарды

Жетпіс бірде өмір енді ғана басталады. Өскемендік Дорановский Олег Викторович бүған кәміл сенеді. Ол инсульт алды, мүгедек болып қала жаздады, оған шұғыл ота жасалды…

Дегенмен, - ота жасалды деп айту - асыра сілтемелеу сияқты, дейді зейнеткер. Жай дәрігерлердің тексеруі сияқты өте шықты. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығының нейрогирургтері ангиограф аппаратымен ота жасады. Заманауи құрылғы ми мен оны оттегімен қамтамасыз ететін қан тамырларын зерттеп қана қаймай, инсульт секілді қауіпті індеттермен күресуге көмектеседі.

«Тромбозды емдеу нәтижесі- керемет! Кеше ғана денемнің сол жағы түгелдей сал болып, операция үстелінде жатсам, дәл қазір бөлме ішінде еркін қозғалам, тілім де күрмеліп қалған жоқ. Дәрігерлердің бірнеше күнде үйге қайтаратынына сенімдімін. Үйде әйелім, қызым және немерем тағатсыз күтіп отыр. Алға қойған жоспар-мақсаттарым шексіз, оларды жүзеге асыруға денсаулығым жарап тұр,- деп Олег Викторовичтың қуанышы қойнына сыймай тұр.

Дегенмен инсульт- әлемде адам өлімі мен мүгедектікке әкеп соғатын ең қауіпті індеттің бірі. Жыл сайын жер бетінде осы дерттен 7 млн жуық адам көз жұмады. Еліміздегі медициналық статистика ақпараттарына сүйенсек, 40 мыңнан астам адам инсульт алады. Олардың ішінде шамамен 60% мүгедек болса, бес мың науқас алғашқы он күнде көз жұмады. Аман қалғандардың басым бөлігі біреудің көмегінсіз жүріп-тұра алмайды. Тек 10% ғана індеттен құлан таза жазылады.

Олег Дорановскийдің жолы болып, дер кезінде тиісті мамандардың қолына түсті. Аймақтағы алғашқы инсульт емдеу орталығы осыдан он жыл бұрын ашылса да, халі мүшкіл науқастар ұзақ уақыт бойы Астана немесе Алматыға жіберілетін. Мұндай індетке шалдыққан науқастарды тасымалдаудың өзі өте қауіпті. Алайда жоғары технологиялық ота осы ірі қалаларда ғана жасалатын. Облыстың мамандандырылған медицина орталығының стратегиялық даму қызметінің басшысы Елена Куликованың айтуынша, бүгінгі таңда Өскемен, жалпы Шығыс Қазақстанда инсульт алған адамдардың аман қалу мүмкіндігі өте жоғары.

Әрине, мемлекет қыруар қаржы құйды. Материалдық техникалық жабдықтар және кадрларды дайындау оңай шаруа емес. Жыл сайын миллиардтаған қаржы жұмсалады. Бюджет қаражаты жеткіліктсіз екені айдан анық. Өз бетімен қымбат құралдарды сатып алу тіпті мүмкін емес, өзге міндеттемелер бастан асады дейді, медицина мекемесінің мамандары. Осы сәтте аймақтағы кәсіпорындар қол ұшын созады. Мәселен, аталмыш ангиограф аппараты KAZ Minerals компаниясының қолдауымен, «Парыз» қоры арқылы алынды. Сол кезде бірден бірнеше операциялық блоктарды қайта жабдықтауға 133 миллион теңге, тағы 83 миллион ғимараттарды және аурухананың сырт келбетін жөндеуге бөлінді.

Енді мұнда күніне 20-дан астам науқасқа ота жасалады. Әсіресе лапороскопиялық хирургиялық операциялар сұранысқа ие. Ота жасаудың ең аз инвазивті түрі хирургтерге зақымданған ағзаға денені кеспей, кішкентай тесік арқылы жетуге мүмкіндік береді.

Бірінші хирургиялық бөлімшеде- ондаған науқас осындай операциялардан кейін емделіп жатыр. Нұриддин Жүреровтің кенеттен іші бүріп ауырып, жедел жәрдеммен осында түскен. Тастар өт жолдарын жауып, өт ағзаға тарап, улай бастаған. Дәрігерлер оны өлім аузынан аман алып қалды. Зейнеткердің алғысы шексіз. Оның бөлмедегі көршісі Анатолий Кендюхтің де өтін алып тастауға тура келді. Бірақ сырт келбетіне қарап, ота жасалды деп айту қиын. Бір тәулікке жетпей-ақ өзім қимылдап жүрмін, - дейді Өскеменнің тұрғыны. Ол тезірек үйіне оралып, жалғыз қалған ағасына күтім көрсетуі керек.Тез жазылсам, үйіме тез қайтамын,-дейді Анатолий.

Осылайша, медицинаның дамуы емханалардағы науқастардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Осы тұста өнеркәсіп алпауыттарының көмегі орасан. Дәл осындай қолдаудың арқасында Өскемендегі Протозанов көшесі бойында Бірінші емхананың филиалы ашылды. Ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған балалар сүт асханасы ықшам аудан тұрғындарын қабылдайтын аурухана болып жабдықталды. Оларға енді тіпті автобус қатынамайтын бас бөлімшеге сабылудың қажеті жоқ. Медициналық қызмет біршама қолжетімді болды. Ал, Көпсалалы онкология және хирургия орталығында арнайы құрылғы орнату үшін қажетті бөлмеге 63 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл сәулелі терапияның - стереотаксикалық радиохирургия және радиотерапия секілді инновациялық әдістерін емдеу тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік берді. Енді сау ағза мен мүшелерге зарар тигізбей, тікелей қатерлі ісік көзін сәулелендіруге мүмкіндік туды. Аурудың асқынуы да азаяды. Алайда аппарат алдыңғысынан 13 есе күшті болғандықтан, ол орнатылған жердегі радиациялық қорғанысты барынша күшейту керек болды. Осының бәрі демеушілердің қаражатына жасалды. Аталмыш бөлме толықтай қайта салынып, дуалдың қалыңдығы бірден үш метрге дейін жететін темірбетоннан сенімді радиациялық қорғаныс құрылды. Сондай-ақ, - қорғасыннан арнайы есіктер орнатылып, бетон іргесі да күшейтілді. Себебі, - Сәулелі терапия орталығының науқастары мен қызметкелерінің қауіпсіздігі алдыңғы орында тұр. Бір жылда мыңнан астам адам емделе алады. Бүгінгі таңда “Қатерлі ісік,, бұл адам үшін үкім емес...

Источник:yk.kz
Хотите узнавать информацию о жизни Усть-Каменогорска первыми? Подписывайтесь на наш Telegram-канал.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar