Читайте также
15:55
Арнаулы ХҚКО күніне екі мыңнан астам адамға қызмет көрсететін болады
Оставить комментарий
Облыс орталығында жалпы аумағы 1375,34 шаршы метр болатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көптен күткен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылса күніне екі мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. — Ауқымды жұмыстар атқарылды. Ғимарат ішіндегі барлық бөлмелерді бөлдік. Жоба бойынша күту залы, асхана қарастырылған. Жұмысты осы жылдың алғашқы тоқсанында аяқтаймыз деп отырмыз, — деді мердігер компания директоры Дастан Оразалинов. Айта кетейік, жобаға тапсырыс беруші — «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін өңірде автомобиль нөмірін тіркеу, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету көлемі айтарлықтай арта түседі. Қазір құрылыс аумағы абаттандырылып, асфальттау жұмыстары толық аяқталған.