15:02

14-15 қазанда Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі

Бекітілген кестеге байланысты Астана қаласында 14-15 қазанда Тәуелсіздік алаңы, 50 ҚазҰӨУ алдында Шығыс Қазақстан облысының 9 ауданы және Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындарының қатысуымен, Солтүстік Қазақстан облысының АШТӨ-мен бірлесіп, кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңке 2 күн сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болады.

Бекітілген схемаға сәйкес әр аудан мен қалаға бөлінген сауда учаскелерінде сауда орындары мен үстелдер берілді.

ШҚО өңдеуші кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары Астана қаласының тұрғындарына ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары сапалы және экологиялық таза өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде өнімнің 40-тан астам түржинағы болады.

Орталық алаңда орнатылған шатырларда сатуға мынадай өнімдер қойылады: бал және бал ара өнімдері, өсімдік майы, қарақұмық, бұршақ, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, сүт өнімдері: сүт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, ашытылған сүт өнімдері, кең ассортименттегі ысталған және пісірілген шұжықтар, балық және балық өнімдері, бұғы мүйізінен жасалған өнімдер, ұлттық өнімдер: қымыз, тары, құрт және т.б.

Өнімдер өткізу нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңке аясында Астана қаласының тұрғындарына 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн және жармалар, 9 тонна балық, 29,8 тонна ауыл шаруашылығы жануарлары мен құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар ұсынылады. Барлығы 244,5 млн теңгеге 123,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылады.

Сондай-ақ, мәдениет басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жәрмеңкелер өтетін күнге концерттік, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырады.

Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar