20:56

«Жол картасы»: Шығыс қалыс қалмауы тиіс

Қалалар мен аудандар әкімдерінің, салалық басқармалардың басшыларының қатысуымен өткен кешегі селекторлық кеңесте Бердібек Сапарбаев «жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін жария етті. Оның пікірінше, бұл бағыттағы жұмысты біршама әлсіреген. Соның салдарынан Шығыс Қазақстан алғашқы аптаның қорытындылары бойынша өзінің алдыңғы қатарлы позицияларынан ығыса бастады.

Қалалар мен аудандар әкімдерінің, салалық басқармалардың басшыларының қатысуымен өткен кешегі селекторлық кеңесте Бердібек Сапарбаев «жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін жария етті. Оның пікірінше, бұл бағыттағы жұмысты біршама әлсіреген. Соның салдарынан Шығыс Қазақстан алғашқы аптаның қорытындылары бойынша өзінің алдыңғы қатарлы позицияларынан ығыса бастады.

Қазіргі кезеңде «жол картасын» жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3024,6 млн. теңге және жергілікті қазынадан 357 млн. теңге бөлінді. Оларды игеру тиісінше 11,8% және 4,2% құрады. Мемлекеттік сатып алу туралы барлық 874 конкурс жарияланды. Алайда, 9 маусымдағы жағдай бойынша олардың тек 807-сі өткізіліп, 731 келісім жасалды. 389 жобаны (44,5%) іске асыру басталды.

Егер Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарында барлық жобаларға қатысты жұмыстар басталып кетсе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Глубокое, Жарма, Зырян, Күршім, Ұлан аудандарында жобалардың тең жартысы бастаусыз жатыр. Облыстың 7 ауданында (Абай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандары) жоспарланған жұмыс орындарының 50%-дан астамы ашылды, ал қалған өңірлердегі бұл көрсеткіш мүлдем аз.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға республикалық бюджеттен 100 млн. теңгеден астам қаржы аударылды. Әзірге бар-жоғы 754 адам жұмыс тапты. Осы бағыт бойынша Өскемен және Курчатов қалаларында бірде-бір адам жұмысқа орналасқан жоқ. Аягөз ауданында жоспардағы адамдардың 5,7%, Шемониаха ауданында 17% жұмыспен қамтылды. «Жол картасы» аясында облыста 20 мамандыққа 1516 адамды оқыту басталып кетті. Бородулиха (3,9%), Үржар (5,2%), Абай (9,6%) аудандарында бұл көрсеткіштер төмен.

Аймақ басшысы нысандардағы мердігерлерге және бағдарламалардың әкімшілеріне өзінің наразылығын білдірді. Шенеуніктер «бірқатар жағдайларға байланысты конкурстар өтпеді», «ақша уақытында түспеді» деген сылтаулар айтпақ болды. Дегенмен, бұл құр сөз ғана. Облыс әкімінің пікірі осындай.

«Егер бұл қарқынмен жүрсек, желтоқсан айына дейін де жоспарланған істерді аяқтай алмаймыз», - деп шүйлікті облыс басшысы.

Облыс әкімі жиналғандарға елімізде жүзеге асырылып жатқан «қазақстандық құрамды» ұлғайту бағдарламасы жайында ескертті. Осы орайда ол жергілікті табиғи және адами ресурстарды барынша пайдалану керектігін атап көрсетті.

Ал атқарылған жұмыстардың сапасына келетін болсақ, енді мердігерлер атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сәйкес тиісті қаражатты толықтай алады. Өңір басшысы берген тапсырма бойынша кез келген нысан, мектеп болсын, жол болсын, тапсырылғанда қабылдау актісіне тиісті деңгейдегі әкімдер қол қояды. Енді «кім кінәлі?» және «не істеу керек?» деген сауалдар жауапсыз қалмайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Текст: yk
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar