13:24

Жоғарғы қалалық бастауыш училище
Жоғарғы қалалық бастауыш училище
Өскемен қаласын Андреевская көшесі болған. Көше көне Ертіс жағалауынан басталып, базар алаңы, өрт сөндіру депосы арқылы 1899-1902 ж.ж. аралығында саяси қуғын-сүргінге ұшырағандармен салынған қалалық баққа ( қазіргі Жамбыл атындағы парк) дейінгі аймақты қамтыған.
1886 жылы осы көшенің сол жағында сол кездің ең көрікті ғимараттарының бірі саналған екі қабатты ерлер бастауыш училищесі (1881 жылдан ашылған) салынды.
Төбесі төрт қырлы сырғымалы, симметриялы бүйірлік тік бұрышты шығыңқылықтары бар екі қабатты ғимарат. Орталық шығыңқылығы бес қырлы фигура тәрізді. Барлық шығыңқылықтарының қисық сызық түріндегі маңдайша қабырғалары бар. Ғимаратқа кіреберіс орталық шығыңқылықтың тура ортасында орналасқан. Қасбеттің алға қарай шығыңқы орталық бөлігінің қимасы қисық маңдайшақабырғасында квадрат формалы төбетерезе бар. Кең маңдайшақабырға жалпақ кемертірекпен безендірілген. Кемертіректер алаңы қабаттардың арасын бөліп тұрған рельефті тартымды да айшықтап тұр.

Терезе ойықтары сәл ғана байқалатын аркалық тәсілмен аяқталған. Саябақ жағындағы бас кіреберіс жауырын-дық қабырғамен безендірілген және қанатшасы бар. Оның үстінде ағаштан жасалған тізбек қоршаулы балкон орналасқан. Бастабында үстіңгі қабатта қалалық училище, астыңғы қабатта бастауыш әйелдер училищесі, 1912 жылдан бастап – жоғары қалалық бастауыш училище орналасқан. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда госпиталь орналасқан.

Совет кезеңінде жабынының периметрі бойынша орнатылған декоративтік мұнарашалар жойылған. Басқа елеулі бүлінісі жоқ. Ғимараттың ішкі жағында ішінара қайта бөлу жүзеге асырылған. Бұрынғы терезе блогы дәл сондай материалдан жасалған жаңа блокпен ауыстырылған. Тәрізі ғимаратты реставрациялауды оның бастапқы бет-бейнесіне сәйкес жүргізу керек секілді.
Әдибиеттер негізінде:
1. Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі. - Усть – Каменогорск ,2005г
2. Г.П.Андрусенко, О.В. Жандабекова, С.Е.Черных. Штрихи к портрету города / Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты/
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar