11:40

В Астане прошел республиканский турнир по плаванию в рамках программы 3-й летней спартакиады.
В Астане прошел республиканский турнир по плаванию в рамках программы 3-й летней спартакиады.

Накануне олимпиады прошли отборочные соревнования, где участвовали все самые лучшие. Не находивший достойного соперника в Казахстане В.Поляков, в этот раз убедился, что подрастает талантливая молодежь. На дистанции 50м. брассом Поляков вырвался вперед, но Восточно-Казахстанец Роман Трусов тоже широко размахнулся, однако не смог опередить Владислава. Роман стал серебряным призером, бронзовая медаль досталась карагандинцу Евгению Рыжкову. На дистанции 100 м. эта же тройка боролась за медали. В этот раз Роман Трусов обошел Полякова. Специалисты пророчат большое будущее спортсмену из Восточного Казахстана. Поляков стал серебряным призером, а Рыжков снова бронзовым. Если перейти к девушкам, то среди участников на 50м. брассом явным лидером была Айзада Жусупова из Павлодара. А в стиле баттерфляй на 50м. победительницей стала Эльмира Айгалиева."



3-ші жазғы спартакиада бағдарламасы аясында Астанада суға жүзуден республикалық турнир өтті.

Олимпиада қарсаңындағы іріктеу жарыстардың біріне баланған сынға ел мықтыларының барлығы қатысты. Қазақстаннан қарсылас таппай жүрген Владислав Поляков бұл жолы талантты жастардың өсіп келе жатқанына көзі жетті. 50 метрге брасс әдісімен жүзгендер арасынан Поляков суырылып алға шыққан. Шығыс қазақстандық Роман Трусовта құлашын кеңге тастады. Бірақ қанша тырысқанымен Владиславтың алдына түсе алмады. Күміс медальды қанағат тұтты. Қола медаль Қарағандылық Евгений Рыжковтың қанжығасында кетті. 100 метрде де осы үштік өз ара кім мықтыны анықтады. Бұл жолы Роман Трусов Владислав Поляковты сан соқтырды. Мамандар Шығыс Қазақстандық спортшының болашағанынан зор үміт күтеді. Поляков күміс медаль алған жарыста Рыжков екінші қола жүлдесін қоржынға салды. Қыздар арасындағы сынға келсек, 50 метрге брас әдісімен жүзген үміткерлер арасынан Павлодарлық Айзада Жүсіпова алдына жан салмады. Ал баттерфляй әдісімен жүзуді жете меңгерген Элмира Айғалиева 50 метрде жеңімпаз атанды.
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar