13:25

Мариин училищесі
Мариин училищесі
ХХ ғасырдың басында өскемендік ақсүйектер үшін өз қыздарына 1862 жылға дейін Ресейде болған , кейіннен 7 жылдық оқу бағдарламасымен әйелдер гисназиясы болып ауыстырылған Мариин училищесі сияқты оқу орнында білім беру мақсат болған.
Тастан салынған бір қабатты ғимарат. Төбесі төрт қырлы,сырғымалы,жартылай циркуль секілді терезелерін терезе үстіндегі маңдайша қабырғаларының жартылай шеңберлері баса көрсетеді. Бұрыштық жауырындықтар қашаутаспен бөлінген, кіреберістің үстіне әлемішті маңдайша қабырға салынған.
Бүтіндей алғанда ғимарат орыс классицизмінің стилінде орындалған. Мариин әйелдер училищесі 1901 жылы салынған. Училищеде бастауыш кластардың мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық педагогикалық курстар болған.1917 жылғы революциядан кейін ғимаратта Луначарский атындағы ІІ – деңгейлі мектеп орналасты. Кейіннен мұнда киров атындағы йелдер мектебі , аурахана жайғасты. Победа даңғылында құрылыс жүргізуіне байланысты ғимарат бұзылуы тиіс болып, біраз уақыт төбесіз , есік және терезе блоктарынсыз тұрды. Осы кезеңде жабынның айналасындағы декорациялық мұнарашалар құлап калды. 1999 жылы маңдай қабырғасының бір бөлігі құлады.
Ғимарат этнографиялық мұражайға берілген соң оның интерьерлері жөндеуден өткізілді, қасбеті түгелдей сыланды. Сол жағынан сыртынан кіретін жерінен қосымша құрылыс салынды. Сол жағынан сыртынан кіретін жерінен қосымша құрылыс салынды. Жабынының ұзына бойында декоративтік мұнарашалары жойылған, бас кіреберіс есіктің үстіндегі маңдайша қабырғасы ішінара бүлінген. Ғимараттың қасбеттері мәрмәр түйіршіктерімен өңделген. Реставрация жұмыстарын жүргізген жағдайда ғимараттың жойылған бөлшектерін қалпына келтірген жөн болмақ.
Өскемендік «мариинка» да төрт жылдық болды және қаладағы жалғыз әйелдер приходтық училищесіне ғана тән бірнеше пәндер оқытылды. Мысалы, гимнастика.
Училище құрылысында 226 оқушының оқуы мемлекеттік қазынадан қарастырылған, оқу акысы әрбір оқушыға 13 рубль 45 тиын болған, ал ата-аналар тек 6 рубль ғана жылына төлеген. Ұстаздар құрамы да білімді болған.

Әйелдер училищесінде ерлер училищечінде де сабақ беретін сол кезде білімді саналатын ұстаздар тәлім берген. Сонымен қатар, училище жанынан Халықтық білімді қорғау қоғамы есебінен құрылған бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын курстар ашылған. Басында курстар екі жылдық болған, кейіннен 3 жылдық болған. Оны ерлер училищесінің бұрынғы инспекторы Григорий Евграфович Псарев баскарган, кейіннен сойлеу өнері мен тарих мұғалімі Клавдий Михайлович Попов басқарды.
Мариин училищесіндегі педагогикалық курстар 1925 жылға дейін жұмыс жасап, облысымыздың ағарту саласына зор үлес қосқан көптеген ұстаздар дайындап шығарды. Курстар педучилище, педтехникум және пединститутардың негізгі бастауы болып табылады. Осыған орай ғимарат 2 мәрте ескерткіш болып саналады, біріншісі- өңірдегі алғашқы әйелдерге арналған оқу орны, сонымен қатар қаладағы алғашқы оқу орны. Бірінші оқу орнының екі ғимараты болғын – Халықтар үйі және «мариинка». Сағат беске дейін ол жерде ІІ дәрежелі Луначар мектебінің аралас (ұлдар мен қыздар) тобы оқыған, ал кешкісін ересектер. Бірақ, бұл ұзаққа созылмаған, 1920 жылдың қазанының соңынан қарашаның соңына дейін.
Кейіннен ғимаратта әскери отря д болған, ал 1921 жылдың қазанында Волга жағалауынан аштыққа ұшыраған 85 баланы әкеп орналастырған. 1922 жылдың қаңтарында олар 400-ге жеткен және жергілікті басшылық жедел түрде 10 балалар үйін құруға мәжбүр болған.
50-жылдардың ортасында қайтадан Киров атындағы оқу орны болды кейіннен, ал 70-ші жылдары қалалық аурухана, кейіннен қазіргі кезедгідей этнографиялық музейдің көрме залы болды.
Әдибиеттер негізінде:
1. Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі. - Усть – Каменогорск ,2005г
2. Г.П.Андрусенко, О.В. Жандабекова, С.Е.Черных. Штрихи к портрету города / Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты/
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar