08:56

Жол жылы: 600 шақырымдай жол жөнделеді

2024 жыл Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» болып жарияланды. Осыған байланысты, өңірде жол жөндеу мәселелеріне, әсіресе атқарылатын жұмыстар сапасына айрықша назар аударылмақ. Биыл бұл мақсатқа 28,5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ орташа жөндеумен 600 шақырымға жуық жол қамтылатынын айту керек. Бұл бағыттағы ірі жобалар қатарына облыс орталығындағы Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы, Базовая көшелерінің, сондай-ақ Пермитин мен Славский жағалауы көшелерінің қиылыстарында орналасқан жол айрығының құрылысын жатқызуға болады. Сонымен бірге, ағымдағы жылы Жібек жолы мен Базовая көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталады. Ал қалаарлық жолдар туралы сөз қозғар болсақ, биыл Қалбатау – Майқапшағай, Талдықорған – Өскемен бағыттарындағы республикалық маңызы бар трассалар мен Осинов асуын қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табады. Облыс басшылығы тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты көптеген негізді арыз-шағым келіп түсетінін айтуда. Сынның көбеюіне соңғы алты жыл көлемінде жолдардың толыққанды жөндеу көрмегені де түрткі болған. Осыны ескере келе, биыл облыс басшылығы өңірдегі жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаражат мөлшерін екі есеге ұлғайтуды ұйғарған. — Бар мәселе сапада болып тұр. Келер жылы бұл проблемамен тағы бетпе-бет келмеу үшін биыл жөндеу жұмыстарын барынша сапалы жүргізу қажет. Жол патрульдерімен тығыз жұмыс істеу керек. Жолдың тозуына көптеген фактор әсер етеді. Оның ішінде сапасыз атқарылған жұмыс, жер бедері мен климат та бар. Жалпы, құрылыс технологияларын өзгерту жайында да ойланатын кез келді. Ал бақылау жұмыстарына құзырлы басқарма мен Ұлттық сапа орталығы ғана емес, қарапайым адамдар да қатыса алады. Бұл іске қоғам белсенділерін тартыңыздар. Кез келген адам жөндеу жұмыстарын қайда және қашан жүргізілетінін білуі үшін басқарманың сайтында жолдардың толық тізімін жариялау қажет, — деп тапсырма берген болатын облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar