19:00

Қызғалдақтар Наурыздың басты символына айналды

Қазақстанда Наурыз мейрамының логотипі әзірленді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Біртұтас Наурыз логотипінде үш қызғалдақ Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағын бейнелейді. Ал логотипте қолданылған түстер мен реңктер Ұлы даланың байлығын, алуан түрлілігі мен толықтығын, халықтың күші мен қуатын, болашақ өзгерістерге оптимистік көзқарасты білдіреді. Жасыл түс өмірді, өсу мен жаңаруды, тоқсары таңның сұлулығы көрсетіп, шабыт береді.

Қазір еліміздің аумағында жабайы қызғалдақтың 35 түрі бар, оның 18 түрі Қызыл кітапқа енген.

Қызғалдақ бүршігін бейнелейтін өрнек сәулет өнерінде, киімде, зергерлік бұйымдарда, Қытайдан Балқан түбегіне дейінгі халықтардың ою-өрнектерінде бар. Қызғалдақ мотивтері сақтардың алтын әшекейлерінде де кездеседі.

Қызғалдақ бүршігі бейнеленген өрнек Қытайдан Балқан түбегіне дейінгі халықтардың сәулет өнерінде, киімінде, зергерлік бұйымдарында және ою-өрнектерінде кездеседі. Қызғалдақ өрнектері сақтардың алтын бұйымдарында да кездеседі.

Логотипте үш қызғалдақтың қолданылуы да қазақ халқында «3» санының киелі саналуымен байланысты. Үш саны көптеген мәдениеттерде бақыт пен сәттілік символы.

Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar