11:23

Өскемен қаласының прокуратура басшылығы облыстың Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғаларымен бірлес

Өскемен қаласының прокуратура басшылығы облыстың Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғаларымен бірлесіп, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-не жұмыс сапарымен барды.

Өскемен конденсатор зауыты – өңірдегі тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі, ол сұранысқа ие өнім өндірумен қатар, қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. 

Сапардың негізгі мақсаты – өндіріс көлемін ұлғайтуға және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық пайдалануға қолдау көрсету. Ерекше назар клиенттік базаны кеңейту және жаңа өткізу нарықтарына шығу мәселелеріне аударылды.

Кездесу барысында бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету шаралары, сондай-ақ басқа кәсіпорындармен кооперациялық байланыстар орнатудың мүмкін жолдары талқыланды. Өнеркәсіп саласындағы субъектілердің артық әкімшілік кедергілерсіз тиімді дамуына жағдай жасау аса маңызды екені ерекше атап өтілді.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar