11:27

ШҚО-да төрт ұйым демалыс базаларын заңсыз салған

Жобалық құжаттамасыз демалыс базаларын салғаны үшін компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aitainews.kz тілшісі.

Өңірдің танымал туристік аймақтарында – Риддер, Катонқарағай, Ұлан, Алтай және Самар аудандарында нысандар құрылысы белсенді түрде жалғасуда. Алайда, барлық компаниялар заң аясында жұмыс істемейді. Жыл басынан бері төрт жосықсыз ұйым жауапқа тартылған.

- Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бойынша объектіні тұрғызуға жер учаскесіне тиісті құқық болған кезде рұқсат етіледі, яғни жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс объектісінің функционалдық мақсатына сәйкес келуге тиіс. Сондай-ақ бірнеше кезеңдер міндетті: жобаны әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, эскиздік жобаны әзірлеу және келісу, ЖСҚ әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алу, тиісті лицензиясы бар мердігер ұйымның объектіні салуын қамтамасыз ету, объектіні авторлық және техникалық қадағалаумен сүйемелдеуді қамтамасыз ету, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жолдау, салынған нысанды қабылдау және пайдалануға беру, – деп түсіндірді мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бөлім басшысы Самат Каирдинов.

Заңнама нормаларын бұзғандарға 10-нан 1 400 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу секілді әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейбір жағдайларда қосымша санкциялар болуы мүмкін. Заңсыз тұрғызылған нысанды оны салған компания бұзуы керек.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar