15:00

ШҚО-да биыл 7 мектеп ашылуы керек

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасына сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында облыста 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған.

 

Оның ішінде 300 орындық 6 мектеп және 600 орындық 4 мектеп бар, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

 

Осылайша қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтық факторларын жою, сондай-ақ білім беру ортасының (инфрақұрылымның) жаңа стандарттарын енгізу көзделген.

 

ШҚО Құрылыс басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы 3000 орындық 7 мектепті жобалау және құрылысы басталды. Оның ішінде 600 орындық 3 мектеп (Өскемен қ.-2, Риддер-1) және 300 орындық 4 мектеп (Өскемен қ., Шемонаиха қ., Белоусовка к., Опытное поле а.). Бұл оқу ошақтары  2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

 

- Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1200 орындық 3 мектептің жобалауы және құрылысы басталады: (Өскемен қаласында 600 орындық 1 мектеп және 300 орындық 1 мектеп, Прапорщиково ауылында 300 орындық 1 мектеп). Пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған, - делінген хабарламада. - Мектептердің нысаналы құрылысы бойынша бірыңғай оператор болып «Samruk-Kazyna Construction» АҚ анықталған.


 

Аталған нысандардың жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar