Читайте также
17:55
ШҚО ауылдарында былтыр 17 медициналық нысан қолданысқа берілді
Оставить комментарий
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, жеті дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік-акушерлік пункт, 27 медициналық пункт салу көзделген. Бұлардың 18-і қазірдің өзінде ел игілігіне берілсе, қалғаны алдағы уақытта іске қосылуға тиіс. Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс және сәулет басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл құрылысы жүргізілетін 18 нысанның үшеуі Тарбағатай, үшеуі Зайсан, бесеуі Глубокое, екеуі Катонқарағай, біреуі Ұлан, біреуі Шемонаиха, үшеуі Алтай аудандарында бой көтереді. Аталған нысандардың құрылысын және инженерлік инфрақұрылымын жүргізіп бастау үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер ұйымдар анықталған. — Қазір 12 нысан бойынша дайындық және құрылыс жұмыстары басталды. Жоспарланған 18 нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр, — деп хабарлады бейінді басқармадан. Жоба бойынша жаңа медициналық ғимараттарда күндізгі стационар, емшара, егу, физио кабинеттер, сондай-ақ акушерлік кабинет болады. Алғашқы медициналық көмек көрсету пункттері бір ауысымда 50 пациентке дейін қабылдай алады (медпункт ауысымына — 25, ФАП — 40, дәрігерлік амбулатория -50 адам қабылдай алады). Сонымен қатар жаңадан салынған объектілер елді мекендерде сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтармен және жиһазбен толық қамтамасыз етіледі. Естеріңізге сала кетсек, былтыр 17 медицина мекемесі Ұлан, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарында іске қосылса, биыл бір дәрігерлік амбулатория Глубокое ауданында қолданысқа берілген. Бұл Ұлттық жоба ауыл тұрғындарының қалаға бармай-ақ медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде 36 елді мекеннің 25 554 тұрғынына шұғыл медициналық көмек «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып дер кезінде көрсетілетін болады.