Читайте также
11:41
Результаты велогонки "Школьник Казахстана 2010" на казахском языке.
Оставить комментарий
«Қазақстан оқушысы 2010»
41 дәстүрлі көпкүндік веложарысы 9-13 тамызда Шығыс Қазақстан жерінде 11 жыл қатарынан өткізілуде!
Қазақстанның халықтық Білім министрлігінің Республикалық балалар мен жасөспірімдердің жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бастамасы 40 жыл бұрын туған, ал 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дене тәрбиесінің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» өткізеді. Шабандоз жарысы ТМД елдерінің және біздің Республикамыздың жас шабандоздарды дайындау мектебіне айналды.40 жылдың ішінде 5610 спортшы жарысқа (жылына орта есеппен алғанда 141 спортшы) қатысқан. Ең «науқанды» жарыс 1982 жылы болған, веложарыстың 1 кезеңінде сөреге 39 командадан 219 спортшы шыққан.
Жаттықтырушылар мен жарысқа қатысушыларды веложарыста «Кіші велосипед академиясы» деп атады. «Қазақстан оқушысы» веложарыстарда жоғарғы дәрежедегі спортшылар да тәрбиеленіп шығуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дене тәрбиесінің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы», Қазақстан Республикасының велосипед спорт федерациясы, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан оқушысы 2010» 41 дәстүрлі көпкүндік веложарысы Өскемен қаласында 2010 жылдың 6-14 тамызы аралығында өтті.
Жарысқа Астана, Шымкент, Талғар қалалары, Өзбекстан Республикасы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан 121 спортшы келіп өз бақтарын сынады.
«Қазақстан оқушысы-2010» 41 дәстүрлі көпкүндік веложарыста 8 күн бойы тағат тауысқан спортшылардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Павлодар қаласының құрама командасы тұғырдан көрініп жүлделі орынға иеленсе, ал екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасы, үшінші орынды Қарағанды-1 облысының құрама командасы иеленді, өкінішке орай біздің Шығыс Қазақстан облысының командасы төртінші орынға табан тіреді.
Павлодар қаласының спортшысы Семенов Роман жекелей есеп бойынша веложарыстың көшбасшысы болып танылды (сонымен қатар Альберто Кантадордың қолтаңбасы бар сары түсті майка кигізілді), екінші болып Талдықорғандық Жақыпбеков Данияр және үшінші Астана қаласының спортшысы Риве Дмитрий марапатталды.
Осы жарыста «Ең жас шабандоз» болып Дмитрий Риве Астана қаласының (А. Винокуровтың қолтаңбасы бар майка кигізілді) спортшысы атанды, ал Қарағанды-2 облысының спортшысы Бунтин Павел «Белсенді шабандоз» және Окишев Виктор Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы «Таулы шабандоз» атағымен марапатталды (Осы спортшыларға майка кигізілді).
7 кезең бойынша жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз:
2010 жылдың 7 тамызында 1 кезең- топтық жарысы 75 км қашықтықта Самар тасжолының бағаты бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып ШҚО-1 спортшысы Тилеген Майдос, 2-ші орынды Талдықорғандық Жақыпбеков Данияр және 3-ші орынды Астаналық Риве Дмитрий иеленді.
2 кезең- топтық жарыс 64 км қашықтықтан 8 тамыз күні өтті. Алматы тас жолы «Чибис» кафесі, Бозанбай ауылы арқылы, мәрені Васильевка ауылында аяқтады.
2 кезең жарыс қорытындысы бойынша Қызылордалық Абдулаев Наги мәрге бірінші болып жетті, екінші болып Солтүстік қазақстан облысының спортшысы Жиентаев Дмитрий және үшінші болып Тилеген Майдос ШҚО- 1 келді.
3 кезең -топтық жарыс 101 км қашықтықтан 9 тамыз күні Өскемен-Риддер бағытымен өтті.
3 кезең қорытындысы бойынша 1-орынды ШҚО-1 спортшысы Тилеген Майдос, 2-орынды Семенов Роман Павлодар облысынан және 3-орынды Талдықорғандық Жақыпбеков Данияр алды.
4 кезең –жеке жарыс 23 км қашықтықтан 11 тамыз күні Бобровка аулының бағыты бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып Семенов Роман Павлодар қаласының спортшысы, екінші болып Талдықорғандық Жақыпбеков Данияр және үшінші болып Астаналық Риве Дмитрий мәре жетті.
5 кезең- топтық жарыс 100 км қашықтықтан 12 тамыз күні Ушанов поселкесінде болды.
Қорытынды бойынша 1-орынды Талдықорғандық Жақыпбеков Данияр, екінші орынды Семенов Роман Павлодар шабандозы және үшінші орынды Есімов Әділет Қызылорда облысының шабандозы иеленді.
6 кезең- топтық жарыс 100 км топтық жарыс 13 тамыз күні Тайынты поселкесінде өтті.
Жарыс есебі бойынша 1-орынды ШҚО-1 спортшысы Майдос Тилеген, 2-орынды Семенов Роман Павлодар спортшысы, үшінші орынды Казанцев Тимур Астана қаласының спортшысы иеленді.
7-кезең -16 тамыз күні соңғы шешуші кезеңі «Айналмалы жарыс» Республика алаңында 40 км қашықтықтан болып өтті.
7-кезең бойынша мәреге бірінші болып Лущенко Сергей Астана қаласының спортшысы, екінші Хабибулин Давид Оңтүстік Қазақстан облысының және үшінші болып Абдулаев Наги Қызылорда облысының спортшылары келіп жетті.
Облыстық дене шынықтыру орталығының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Айтходжаев