Читайте также
19:55
«Майқапшағай» кеден бекеті жаңғыртылып жатыр
Оставить комментарий
Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан «Майқапшағай» кеден бекеті келер жылға дейін қайта жаңғыртылады. Қазір мұнда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, шекараға дейінгі жол кеңейтіліп, жаңа ғимарат бой көтереді, ал бекетте заманауи жабдықтар орнатылатын болады. Мұның барлығы кеден бекетінің кешенді түрде өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көрші елден келетін жолаушылар мен көліктерді қабылдау көлемі де ұлғаяды және экономиканың дамуына, өндірістің өркен жаюына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Майқапшағай кеден бекетінің дамуы екі ел арасындағы логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге де ықпал етеді. Заманауи кедендік рәсімдеу жүйелері, жүк тасымалдау қызметтерінің сапасын арттыру және жаңа көлік дәліздерінің ашылуы бұл бекеттің тиімділігін һәм стратегиялық маңызын одан әрі арттырады түседі. ҚХР-мен тауар айналымы жыл сайын артып келе жатқанын ескерсек, экономикалық байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қоспақ. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өндірістік қуаттың артуына жол ашпақ.