«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 888 млн доллар көлемінде қаражат бөлінді.
Бағдарламаның мақсаты – елдің ұлттық байлығынан әділ үлес бере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың білім алуына және баспана алуына мүмкіндік жасау.
2024 жылы бағдарламаға 6 919 131 бала қатысып, олардың әрқайсының шотына 100,52 доллар аударылды. Жалпы төлем көлемі 695,5 млн долларды құрады.
2025 жылы әр балаға 129,38 доллар аударылды.
Екі жыл ішінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 232,94 долларға жетті.
Бағдарлама аясында жиналған қаражатты бала 18 жасқа толғанда пайдалануға болады. Жинақ БЖЗҚ шоттарында сақталады және оны баспана жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсауға болады.
2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тұрғын үй алу және білім төлемдері бойынша 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде 53 001 өтінім мақұлданды.
Тұрғын үй бойынша: 34 388 өтінім беріліп, 2 964 мың доллар төленді.
Білім алу бойынша: 32 183 өтінім түсіп, 2 352,7 мың доллар төленді.
Бағдарламаға қатысу және аударылған қаражат туралы ақпаратты eGov.kz, eGov Mobile, Kaspi.kz, Halyk, kids.enpf.kz платформаларынан көруге болады.
Бұл бастама – өскелең ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. Мемлекеттің қаржылық қолдауы жас азаматтарға сапалы білім алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.