19:55

Глубокоеда жылумен қамту жүесі жаңғыртылып жатыр

Биыл Глубокое ауданында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде төрт жобаны іске асыру жұмыстары жалғасын табады. Соның бірі — Глубокое кентінің жылу желілерін қайта жаңарту жобасы. Аталмыш желінің ұзындығы 10,3 шақырымды құраса, бүгінге дейін төселгені — 3,8 шақырым. Сонымен бірге, дәл осы Глубокое кентінде орналасқан аудандық қазандықты («Теплоэнергия» КММ) да жөндеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 337 миллион теңге сомасындағы қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта 10 мыңға жуық халқы бар кентті жылумен қамтамасыз етіп отырған бұл қазандық 1939 жылы салынғанын айту керек. Бұған қоса, «Востокэнерго» ЖШС жылумен жабдықтау ұйымының тарифі есебінен Белоусовка кентіндегі №6 қазандықты күрделі жөндеу және төрт бу қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Аталмыш жобаның құны — 177 миллион теңге. Таза ауыз сумен қамту бағытында да атқарылып жатқан шаруа аз емес. Мысалы, биыл Малоубинка ауылында су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарын салу көзделген. Оның ұзындығы 19,3 шақырымға жетпек. Қазірге дейін төселгені — 12 шақырым). Степное ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңарту (ұзындығы — 16,9 км, төселгені — 3 км) мен Бобровкадағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (ұзындығы — 62,7 км, төселгені — 15 км) жұмыстары да кестеге сай жүргізілетін болады. Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, бұл жобаларды іске асыру ауыл халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі деңгейін 100 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, аудандағы жылумен және сумен жабдықтау желілерінің тозу көрсеткіші 77,2 пайыздан 65 пайызға дейін азаяған.
Текст: yka
Теги:
Читайте также
Обсуждение
Всего комментариев: 0
avatar