Читайте также
18:13
Бізді біріктіретін естеліктер
Оставить комментарий

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына және
КСРО-ның Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған«Бізді біріктіретін естеліктер» атты Халықаралық телекөпір форматындағы конференция
2025 жылғы 5 мамырда Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж базасында Жеңістің 80 жылдығына және КСРО-ның Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Бізді біріктіретін естеліктер» атты халықаралық телекөпір форматындағы конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушы — Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж жанындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы.
Іс-шараның мақсаты — соғыс жылдарындағы халықтардың ерлігі туралы тарихи естеліктерді сақтау, патриоттық тәрбие мен білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ білім беру жүйесінің дамуына және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаларға құрмет көрсету. Телемкөпірді Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасының Техникалық және Кәсіби білім беру бөлімінің бас маманы Ильясова Г.Б. ашты.
Телекөпірға жақын шетелдің 4 республикасынан келесі ұйымдар қатысты:
-Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., «Азиялық инновациялық колледж» білім беру мекемесі;
-Татарстан Республикасы, Қазан қ., «Қазан сауда-экономикалық техникумы» мемлекеттік автономиялық кәсіби білім беру мекемесі;
-Ресей Федерациясы, Тула облысы, Кимов ауданы, Кимовск қ., №2 жалпы білім беретін мектеп муниципалдық бюджеттік мекемесі;
-Барнаул қ., «Алтай қонақжайлылық академиясы» өлкелік мемлекеттік бюджеттік кәсіби білім беру мекемесі;
-Челябі облысы, Пласт қ., Пласт муниципалдық округінің Мәдениет, спорт және жастар саясаты басқармасы;
-Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., «Қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК.
-ШҚО, Өскемен қ., «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ;
-ШҚО, Марқакөл ауданы, Боран ауылы, «Қуаныш Нұрғалиев атындағы гимназия» КММ;
ШҚО, Өскемен қ., «Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» жекеменшік мекемесі.
Оқушылар мен студенттер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен жерлестерінің ерлігі туралы 16 тақырыптық баяндама ұсынды.
Конференция қонағы — Шығыс Қазақстан облысы халықтары ассамблеясының мүшесі Сейлканова Р.С. қатысушыларға Құмаш Нұрғалиевке арналған «Сені Рига ұмытпайды» атты өлеңін оқып берді.
Құмаш Нұрғалиев туралы жеке баяндамалар да ұсынылды:
«Құмаш Нұрғалиевтің азаматтық ерлігі. Соғыстан кейінгі өмірі».
Авторы: Төлеңбергенов Нұрдәулет, жетекшісі: Нұрғалиева М.З., Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия, Марқакөл ауданы, Боран ауылы;
«Өмір сүру мен жасампаздықтың ерлігі: Қуаныш Нұрғалиевтің өміріндегі соғыс жылдары».
Авторы: Хамзин Алдияр, жетекшісі: Құрманғалиева А.К., Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі, Өскемен қаласы.
Құмаш Нұрғалиев Кеңес Одағы мен Қазақстан тарихында «АҢЫЗ АДАМ» ретінде енді. Оның жарқын тағдыры таңғажайып өмірге құштарлықтың, орасан күш-қуат пен энергияның, жоғары адамгершіліктің және Отанға адал қызмет етудің символына айналды.
Соғыс кезінде, Рига маңындағы шайқастардың бірінде 19 жастағы Құмаш Нұрғалиев ауыр жарақат алды. Көпшіліктің көзімен бұл оның өмірінің соңы болар еді. Бірақ ол үшін олай болмады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Құмаш Нұрғалиев 1946 жылы Қызыл Ту орденімен марапатталды — сол уақыттағы ең жоғары наградалардың бірі.
Бұл аңызға айналған адам — КСРО Халық мұғалімі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Ленин ордені, Соғыс және Еңбек Қызыл Ту ордендері және медальдармен марапатталған Құмаш Нұрғалиевтің өмірі — біз үшін үлгілі өнеге.
Конференция әр түрлі республикалардың өкілдеріне ортақ тарих туралы ашық пікір алмасуға, Ұлы Отан соғысының тарихи тәжірибесін талқылауға мүмкіндік берді.
Телекөпір жақын шетелдер өкілдері арасындағы естеліктерді сақтау мәселелері бойынша өзара әрекеттесу үшін өзекті алаңға айналды.
Өткенді еске алу — бұл тек адамның санасының қасиеті, оның өткеннің ізіне сақтай алу қабілеті ғана емес. Естелік — бұл өткен мен болашақ арасындағы көпір.